Алматы облысы су тасқынына дайындалып жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Аймақтағы бірнеше өзен тазартылып жатыр

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Алматы облысындағы Бартоғай және Күрті су қоймалары жөнделіп, Шелек өзенін тазарып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұдан бөлек, су министрлігінің мәліметіне сүйенсек, вегетация және су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында «Қазсушардың» «Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы өз қарауындағы су нысандарын жөндеген.

«2025 жылы Бартоғай су қоймасында конустық ысырмалар жөнделіп, резеңке тығындылары ауысқан. Күрті су қоймасында бөгеттің жоғарғы еңісі бетонмен қапталды. Тасқұтан су көтеру бөгетінде каналдар арасындағы аумақтарға топырақ төселді. Сондай-ақ Бартоғай су қоймасы, Үлкен Алматы каналының бас торабы және Шелек су торабы маңындағы Шелек өзенінің арнасы тазарды», - деп хабарлайды министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Үкімет Қазақстанда 34 елді мекен су тасқыны болуы мүмкін аймақтар қатарында екенін хабарлаған еді.