Түркиядағы қандастардың медициналық жабдықтарды жібере алмай жатқаны жалған - ҚР СІМ

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар ҚР СІМ Үкіметтің бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отырғаны туралы ақпарат негізсіз екенін айтты

Фото: ашық дереккөзден

Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан алынған медициналық бұйым мен жабдықтардың екі аптадан бері Қазақстанға жіберілмей жатқаны жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерде Түркиядағы қазақ диаспорасы қаражатынан сатып алынған медициналық бұйымдар мен медициналық жабдықтардың екі аптадан астам уақыт Қазақстанға жіберілмей жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар Үкімет бұл жүкті Қазақстанға жеткізуге көмек көрсетуді әдейі созып отыр деген ақпарат негізсіз. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Анкара мен Ыстанбұл қалаларынан Түркия үкіметінен ресми гуманитарлық көмекті, Түрік қазақтары қауымдастығы (KATEAD) мен Қазақстан азаматтарының бастамашыл тобы сатып алған жүкті елімізге жеткізуді пысықтап жатқанын хабарлаймыз», - делінген министрліктің Telegram-дағы парақшасында.

Бұл жүктерді жеткізудің жалпы үйлестіру жұмыстарын Қазақстанның Түркиядағы елшілігі жүзеге асырады. Сондай-ақ, осы ынтымақтастық туралы ақпаратты KATEAD сайтында жариялады.

«Жүктерді авиакомпаниямен Анкара-Алматы бағыты бойынша жеткізу 14 шілде күніне жоспарланған. Осы ретте жалған немесе тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Тегтер: