Иран АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігіне дрон АРҚЫЛЫ шабуыл жасады (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

АҚШ оған жауап бермекші

Фото: видеодан скриншот

Алдын ала мәлімет бойынша, екі ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) Эр-Рияд қаласындағы АҚШ елшілігіне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соққыы салдарынан шағын өрт шықты, дипломатиялық миссия ғимаратына болмашы зақым келді», - делінген Сауд Арабияның қорғаныс ведомствоның X әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде.

БАҚ мәліметінше, елшілік аумағында жарылыс болып, өрт тұтанған. Шабуыл кезінде ғимарат ішінде ешкім болмаған.

Кейінірек NewsNation телеарнасының журналисі Келли Мейер АҚШ президенті Дональд Трамп Эр-Риядтағы елшілікке жасалған соққыға жауап беруге уәде еткенін хабарлады.

Бұған дейін Карачи қаласында бір топ наразылық білдіруші АҚШ консулдығын басып алуға әрекеттенген. Полиция оқ атып, кемінде он адам қаза тапқан.