Ол медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты уролог-дәрігер, Президенттік клиниканың Ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі болған.
Президенттік клиниканың дәрігері Павел Шолох коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz
"2020 жылдың 12 шілдесі күні коронавирус инфекциясынан біздің әріптесіміз, адал досымыз, тамаша дәрігер Павел Иванович Шолох 54 жасында қайтыс болды. Президенттік клиника ұжымы Павел Иванович Шолохтың туған-туыстары мен жақындары, достарына көңіл айтады", - делінген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында.
Павел Шолох медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты уролог-дәрігер, Президенттік клиниканың Ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі болған.