Операцияның егжей-тегжейі әлі жарияланбаған
Иран Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесіне және Израиль Әуе күштерінің нысанына соққы жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
APA агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Иран тарапы Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасағанын мәлімдеген. Сондай-ақ Израиль әуе күштерінің қолбасшысы болған орын да нысанаға алынғаны айтылды.
Хабарламада Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз екені көрсетілген. Операцияның егжей-тегжейі әлі белгісіз.
Израиль тарапы әзірге бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.