Жалпы, наурызда 184 мың түлек өтініш берген
Бүгін, 2 наурыз күні Қазақстанда көктемгі Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғылым және жоғары білім министрлігі көктемгі тестілеуге 185 мыңға жуық адам өтініш бергенін хабарлады.
«Бүгін наурыз айында өтетін ҰБТ басталды, тестілеу 6 сәуірге дейін жалғасады. ҰБТ-ға қатысу үшін 184 мыңға жуық адам өтініш берген», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, былтыр көктемде тестілеуге өтініш жазғандардың саны 20 мың бала аз болған.
Сондай-ақ, биыл өтініш берген 184 мың баланың 74,4% қазақ тілінде, 25,5% орыс тілінде, 216 адам ағылшын тілінде бақтарын сынап жатыр.