Ол премьер-министрдің орынбасарымен бірге нысанның бірнеше станциясын аралап көрген
Бұған дейін хабарлағынымыздай, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-ның бірнеше станциясын аралап көрген еді. Қала әкімі әлеуметтік желідегі жеке парақшасына осы сапардың видеосын жүктеп, LRT қашан толық іске қосылатынын айтқан, деп хабарлайды
«Біз «Әуежай», «Бәйтерек», «Министрліктер үйі», «Музей» станцияларының жай-күйін қарадық. Сынақ бағдарламаға сай бүкіл желі бойынша жүріп жатыр. LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды. Сынақтық пайдалануды аяқтау және жолаушылар қозғалысын бастау күні барлық іс-шара кешені толық орындалып, жүйенің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін анықталады. LRT жұмысының басталуы жақын айларда (көктемде) күтіледі», - деп жазған әкім.
Айта кетейік, үкіметтің мәліметіне сүйенсек, LRT желілері қазір күніне 12 сағат сынақтан өтіп жатыр. Дегенмен, олар түнде де сынақтан өтеді.