Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі телеүндеуінде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланатынын хабарлады
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram каналында айтты.
«13 шілде – жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланады», - деп жазды Президент кеңесшісі.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі телеүндеуінде жалпыұлттық қаралы күн жарияланатынын хабарлаған болатын.