$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дәрі-дәрмек өндірісіне 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Бұл жобалар еліміздің дәрі-дәрмек нарығындағы импортқа тәуелділікті төмендетпек

Дәрі-дәрмек өндірісіне 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
Фото: © freepik.com

Еуропа, Қытай және Үндістанның ірі фармацевтикалық компаниялары Қазақстан экономикасына 316,3 млрд теңге инвестиция салу туралы алты келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл инвестиция жобалары еліміздің дәрі-дәрмек нарығындағы импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендетпек. 

Үкімет өкілдерінің айтуынша:

  • 2028 жылға қарай отандық өндіріс үлесі 42% дейін өседі;
  • Дәрілік заттардың 400-ге жуық жаңа түрін шығару жоспарлануда;
  • 1100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта фармацевтикалық өндірісті дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Дәрі-дәрмек бағасы қалай өзгерді?

Аида Балаеваның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатылатын мыңдаған дәрі-дәрмектің бағасы қайта қаралды. Нәтижесінде дәрілер арзандай бастаған:

1. ТМККК шеңберінде: 3801 дәрінің (жалпы көлемнің 76%) бағасы орта есеппен 26,5% төмендеген.

2. МӘМС жүйесінде: 1397 дәрілік заттың (47,8%) құны орта есеппен 22,5% арзандаған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған «дәрі-дәрмек жаппай қымбаттап жатыр» деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарған болатын. 20 өңірде жүргізілген бақылау жұмысының нәтижесінде дәрілердің 50% дейін бағасы түскені анықталған.

2025 жылдың қаңтарынан бастап медициналық ұйымдар дәрі-дәрмек сатып алудың электронды форматына толық көшті. Сатып алулар «Электрондық қаржы орталығы» веб-порталы (med.ecc.kz) арқылы жүргізіледі; Бүгінде 792 медициналық ұйым 229,1 млрд теңгеге келісімшарт жасасты; Бұл жүйе бюджет қаражатын 11% астам үнемдеуге мүмкіндік берді.