Бірнеше бағытта көлік қозғалысына рұқсат берілді
Еліміздің бірнеше облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдар ашылды. Сонымен қатар, ауа райы мен техникалық ақауларға байланысты әлі де жабық тұрған учаскелер бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» сілтеме жасап.
Бүгін, 1 наурызда бірнеше бағытта көлік қозғалысына рұқсат берілді.
Ақмола облысы: Көкшетаудан СҚО шекарасына дейінгі бағыттар, сондай-ақ «Астана – Атбасар – Жақсы – Қостанай» жолының Жақсы кентінен СҚО шекарасына дейінгі бөлігі ашық.
Солтүстік Қазақстан облысы: Өңірдегі негізгі күре жолдардың басым бөлігі, соның ішінде Петропавлдан Ресей шекарасына дейінгі және Көкшетауға шығатын жолдар ашылды.
Қостанай облысы: «Астана – Қостанай» (Сарыкөл – СҚО шекарасы) және «Қостанай – Мәмлүт» бағыттарында көлік еркін жүре алады.
Қызылорда және Ұлытау облыстары: «Қызылорда – Жезқазған» тас жолының екі облыс арасындағы учаскесі ашылды.
Қолайсыз ауа райына байланысты Маңғыстау облысында жолдар жабық тұр.
1. «Таушық – Шетпе» (0-70 км);
2. «Шетпе – Ақтау» учаскесі;
3. «Жетібай – Жаңаөзен»;
4. «Ақтау – Құрық».
Павлодар облысында техникалық себептерге байланысты жол жабық: «Астана – Павлодар» жолындағы Қалқаман жол айрығында көпірдің зақымдалуына байланысты көлік қозғалысына тыйым салынған.
Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуында (46-66 км) қысқы кезеңдегі күрделі тау жағдайына байланысты тіркемесі бар жүк көліктері үшін жол жабық.