Қаржы көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 23 есе өскен
28 ақпан – Халықаралық сирек кездесетін аурулар (орфандық аурулар) күніне қарсы Денсаулық сақтау министрлігі маңызды деректерді жариялады. Соңғы жылдары бұл салаға бөлінетін қаржы көлемі рекордтық деңгейге жетіп, 23 есе өскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде сирек кездесетін дертке шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттің басты назарында.
Бұл қаражаттың 60% мемлекет тікелей өтейді, ал қалған бөлігі жергілікті бюджеттер мен «Қазақстан халқына» қорының қатысуымен қаржыландырылуда.
Қазіргі таңда Қазақстанда сирек кездесетін аурулары бар 73 мыңға жуық пациент тіркелген. Оның ішінде 14 мыңға жуығы — бала.
«Сирек кездесетін ауруларға шалдыққандар жалпы пациенттердің 3% аспағанымен, оларға амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарының жартысына жуығы жұмсалады», — деп атап өтті ведомство өкілдері.
Мемлекет алғаш рет халықаралық критерийлерге сәйкес орфандық аурулардың тізбесін жаңартты.
Жаңа орфандық препараттарды бағалау үшін елімізде үш кезеңнен тұратын жүйе енгізілді. Онда келесі факторлар ескеріледі:
1. Клиникалық тиімділігі;
2. Қауіпсіздігі;
3. Фармако-экономикалық мақсаты.