Бұл қалаларда ауада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар қалыптасады
2026 жылғы 28 ақпанда еліміздің 9 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай орнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, сенбі күні ауада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін факторлар келесі қалаларда байқалады:
Бұл – ауа райының қысқа мерзімді факторларының (баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда өндіріс орындары мен көліктерден бөлінетін зиянды қалдықтар ауаның төменгі қабатында жиналып, сейілмей тұрып алады. Бұл халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Ауа сапасы нашарлаған кезде мамандар келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:
1. Тас жолдар мен өндіріс орындарының маңында көп жүрмеген абзал. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан дұрыс.
2. Жаттығуларды жабық спорт кешендерінде өткізген жөн.
3. Созылмалы өкпе, жүрек-қантамыр немесе аллергиялық ауруы бар азаматтар қажетті дәрі-дәрмекті өзімен бірге алып жүргені абзал.