$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі

«Центр плова» асханасындағы жарылыстан кейін әкімдік біржолғы төлем мен жерлеу шығындарын өз мойнына алды

Щучинсктегі жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі
Фото: видеодан скриншот

26 ақпанда Щучинск қаласындағы «Центр плова» асханасында болған жарылыстан қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Арай Садыковтың мәліметінше, жағдай толық бақылауға алынған, жедел штаб құрылған. Жарылыс салдарынан 7 адам көз жұмған. Олардың әрқайсының отбасына 2 млн теңге көлемінде біржолғы көмек төленеді.

Сондай-ақ зардап шеккендерге 1 млн теңгеден қарастырылған. Қазіргі дерек бойынша, түрлі деңгейде жарақат алғандар саны 28 адамға жетті. Оның ішінде 10 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Әкімдік қаза тапқандарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз мойнына алған. Қаралы шараларға келетін туыстарға көрсетілетін қолдау да жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.