Оқиға 25 ақпан күні сабақ уақытында болған
Шымкентте жеті жасар оқушы қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен 36 жастағы мұғалім ұсталды. Оқу-ағарту министрлігі бұл жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 25 ақпан күні сабақ уақытында болған. Баланың анасының айтуынша, мұғалім қызды күштеп тізесіне отырғызып, ұстап, киімінің сыртынан оған әдепсіз әрекеттер жасаған, ал оның жіберу туралы өтінішін елемеген. Әйел бұл оқиға туралы полицияға хабарлаған.
Шымкент полициясы әйелдің кішкентай қызға бейәдеп іс көрсету туралы шағымы бойынша қылмыстық іс қозғады, ал ер адамның өзі қамауға алынды.
«Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған балаға қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жағдай анықталғаннан кейін бірден оқиға орнына барып, баланың анасымен тұрақты байланыс орнатты. Бүгінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Баланың қауіпсіздігі мен амандығы – басты басымдық. 2024 жылдан бастап елде кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық үшін заң талаптары қатаңдатылды. Физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Осы сынды әрбір жағдай уәкілетті органдардың ерекше бақылауында, кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті.