Оқыс жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды
Павлодар облысында колледж студенті белгісіз жағдай білек тұсынан жарақат алды. Оқыс оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, колледждің кәмелетке толмаған студенті өзіне білек тұсы аймағында дене жарақатын келтірген. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді.
Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді. Жарақат салу құралы тәркіленді. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген ПД хабарламасында.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.