Екі елдің басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды
Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.