Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Компьютерлік клуб пен караокеде 70-ке жуық адам болған

Фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда арнайы мониторингтік топ мүшелері карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Карантин кезінде компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан, мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Онда 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар», - делінген хабарламада.

Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге айыппұл салынады, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.