БҚО-дағы әкімдік қызметкерінің кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі: балалар омбудсмені пікір білдірді

Автор: Асыл Арман

Отбасы психологиялық көмектен бас тартқаны белгілі болды

Фото: freepik.com

Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданында әкімдік қызметкерінің 16 жастағы қыз баланы зорлау ісіне қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы жасалған қылмысқа пікір білдірді.

Оның айтуынша, өңірлік уәкіл қыз баланың әкесімен байланыста. Алайда отбасы психологиялық көмектен бас тартқан.

«Осыған қарамастан, өңірлік уәкіл жеке жұмыс жүргізеді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр», – деп нақтылады Динара Зәкиева.

Айта кетейік, осыған дейін БҚО-да ер адам кәмелеткен толмаған қыз баланы зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Кейіннен облыстық ПД оқиғаға қатысты қосымша хабарлама таратқан.