Қалада 2500 көпбалалы ана бар
Сәтбаев қаласындағы 2500 көпбалалы ана 8 наурызға орай бір жолғы әлеуметтік көмек алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай жергілікті атқарушы органның бюджетінен осы 2500 анаға 20 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек берілмек.
Жалпы, төленетін көмектің көлемі 50 млн теңге.