«ИЖ 2126» айдап жүрген: Астанада сот 70 жастағы ақсақалдың жүргізуші куәлігін 7 жылға тартып алды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қария алкогольдік мас күйінде көлік басқарған

Фото: Видеодан скрин

Астанада 70 жастағы ақсақал күтпеген жерден ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Негізгі мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және мас күйінде көлік құралын басқаратын жүргізушілерді анықтау.

Полиция қызметкерлері түскі уақытта 70 жастағы қарияның Сәкен Сейфуллин көшесі бойымен көлік басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік мас күйінде «ИЖ 2126» маркалы автокөлікті жүргізіп бара жатқанын анықтады.

«Аталған дерек бойынша Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкері жүргізушінің әрекетін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырды.

Сот шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері ішінде Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралын мас күйінде басқармауға және өз өмірі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.