Степногорск ЖЭО-сында төтенше жағдай: жұмысшы дәнекерлеу буынан уланып қалды

Автор: Асыл Арман

Оқиға 22 ақпан күні болды

Фото: Ақмола облысының Ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысындағы Степногорск жылу электр орталығында ер адам дәнекерлеу буынан уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 22 ақпан күні болды. Бұл туралы nayza_kokshe парақшасының мәліметінше, зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілді.

Кәсіпорын мәліметінше, ер адам ЖЭО қызметкері емес, нысанда жұмыс атқарған мердігер ұйымның өкілі болған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мердігер ұйымдардың қызметкерлерінің еңбекті қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері олардың жұмыс берушісінің жауапкершілігіне жатады.