Жағымсыз оқиға 2 қаңтар күні болды
Батыс Қазақстан облысында әкімдік қызметкері 16 жастағы қыз баламен жыныстық қарым-қатынасқа түскен. Оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, 2 қаңтар күні Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғынына қатысты заңға қайшы әрекеттер туралы полицияға хабарлама түскен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Тергеу барысында объективті тергеу жүргізу үшін маңызы бар хат алмасулар мен өзге де деректер анықталды. Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану фактісі анықталған жоқ.
Бұл жайтты жәбірленушінің өзі және оның анасы да растады. Олар күдіктіге қатысты қандай да бір талап-шағымдары жоқ екенін, қарым-қатынас өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеген.
Күдікті аудандық әкімдік бөлімінің қызметкері болған, арыз түскеннен кейін жұмыстан босатылды. Тергеу жалғасып жатыр», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Шыңғырлау ауданының полиция бөлімі тергеу әрекеттерін жүргізуде, олардың мәліметтері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды. Іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Айта кетейік, осыған дейін БҚО-да ер адам кәмелеткен толмаған қыз баланы зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.