Қымызды көп ішіп қойыпты: Павлодарда Жеке сот орындаушылары палатасының басшысы ұсталды

Автор: Асыл Арман

Ол мас күйінде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Павлодарда аймақтық Жеке сот орындаушылары палатасының басшысы мас күйде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодардың Жеке сот орындаушылары палатасының басшысы Даурен Исабеков 15 тәулікке қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды.

Оны 21 ақпанда таңғы сағат 5 шамасында Hyundai Santa Fe көлігін мас күйде жүргізіп бара жатқан жерінен тоқтатқан. Исабеков кінәсін толық мойындап, қымызды көп ішіп қойғанын айтып түсіндірді.

Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулік әкімшілік қамау және көлік басқару құқығынан 7 жылға айыру жазасын тағайындады.