Оңтүстікте жауын-шашын мен тұман күтіледі
Еліміздің ірі мегаполистері — Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған 22-24 ақпан аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды. Алдағы үш күнде еліміздің солтүстігінде қатты аяз, ал оңтүстігінде жауын-шашын мен тұман күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Елордада алдағы екі күнде ауа райы құбылмалы болады. Жексенбі және дүйсенбі күндері қар жауып, бұрқасын соғады деп болжануда.
23 ақпан: Тәулік бойы температура бірқалыпты -15-17°C деңгейінде сақталады. Қар жауып, боран соғады.
24 ақпан: Астанада күн күрт суытады. Түнде ауа температурасы -30-32°C-қа дейін төмендеп, күндіз -23-25°C аяз болады.
Алматыда алдағы күндері жылы ауа райы біртіндеп жауын-шашынға ұласады. Қала тұрғындары мен қонақтарына жолдардағы көктайғаққа байланысты сақ болған абзал.
23 ақпан: Күндіз жаңбыр жауады, ауа температурасы +8+10°C шамасында.
24 ақпан: Түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ болады. Ауа температурасы күндіз +2+4°C-қа дейін төмендейді.
Шымкентте аптаның соңғы күндері жылы болғанымен, сейсенбіге қарай жауын-шашын басталады. Үш күн бойы қалада тұман сақталады.
23 ақпан: Күн ашық, күндіз +10+12°C.
24 ақпан: Күндіз жаңбыр жауады. Ауа температурасы +9+11°C деңгейінде болады.