Астанада адам көп жиналатын жерлер дезинфекцияланып жатыр
Елордада дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Адам көп жиналатын орындарға: саябақтарды, тынымбақтарды, бульварларды және т.б. дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді. Дезинфекциялау жұмыстары жаяу тәртіпте де, арнайы машиналардың көмегімен де жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ сауда ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың басшылары санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес өз аумағында дезинфекция жүргізуі тиіс. Қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ дезинфекцияланды», - деп жазылған хабарламада.