Марқұмның азаматтық некедегі жұбайы күдікті ретінде ұсталды
Атырау облысында 13 қаңтардан бері із-түзсіз жоғалған 70 жастағы Орал қаласының тұрғыны Капиталина Симанькованың мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Марқұмның мәйіті табылғанын басылымға оның жиені Елена Рафикова хабарлаған. Зейнеткер Атырау облысы Доссор кентінде азаматтық некедегі жұбайы Владимир Маловпен бірге тұрған. 13 қаңтардан бастап әйел адам байланысқа шықпаған.
9 ақпанда полицияға Мақат ауданында әйелдің жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Үй мен оған іргелес аумақты тексеру барысында тәртіп сақшылары зейнеткердің мәйітін гараждан тапқан. Қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның азаматтық жұбайы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның айтуынша, дене жарақаттары тұрмыстық жанжал кезінде салынған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Марқұмның туыстары анықталып, әйелдің бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын растаған. Тергеу жалғасып жатыр.