Қазақстанда доллар қайта қымбаттап келеді

Автор: Асыл Арман

Ұлттық банкі 20 ақпанға бекіткен ресми доллар бағамын жариялады

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 494,66 теңгені құрап, 4,89 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сәйкес, сауда нәтижесінде ұлттық валюта бағамы әлсіреген.

Ал Қазақстан Ұлттық банкі 20 ақпанға бекіткен ресми доллар бағамы 489,17 теңге деңгейінде.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 495,02 теңге болса, сату бағамы – 497,42 теңге. Астанада доллар орта есеппен 492,97 теңгеге сатып алынып, 499,99 теңгеге сатылуда. Шымкент қаласында долларды сатып алу бағамы орташа 495,47 теңге, ал сату бағамы 497,71 теңгені құрайды.