Жасанды қар көшкіні «Алматы – Үлкен Алматы көлі» автожолы маңына түскен
Алматының Бостандық ауданында «Құмбел» қар жиналу алаңында «Алматы – Космостанция» автожолына көлемі 1200 текше метрден асатын қар көшкіні жасанды жолмен төгілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол тез арада тазаланды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Осыған дейін ұқсас жұмыс «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінде жүргізіліп, 20 100 текше метрден астам қар түсті.
«ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға және қар көшкіні қаупі бар учаскелерге бармауға шақырады», – делінген ведомство хабарламасында.