Қызылордада бір топ жасөспірім жас жігітті аяусыз ұрып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Аталған дерек бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды

Фото: Видеодан скрин

Қызылорда қаласында бір топ жасөспірім жас жігітті жабылып, ұрып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 18 ақпан күні кешкі сағат 21:00 шамасында болған.

Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған бір топ адам жігітке жабылып, аяусыз ұрған. Оқиғадан кейін олар ізін суытқан.

Қызылорда облысы Полиция департаменті хабарлауынша, полиция қызметкерлері оқиға туралы хабарламаға жедел әрекет еткен. Оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ведомствоның баспасөз қызметі тергеу барысына қатысты пікір білдірді:

«Аталған дерек бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылар жедел түрде анықталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық тергеу шаралары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істің тергелуі департамент басшылығының бақылауында», – деп хабарлады полиция.