Қазақстанда доллар нығайып келеді: ресми бағамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Қазақстан Ұлттық банкі 19 ақпанға белгілеген ресми доллар бағамы белгілі болды

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасында күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 489,17 теңгені құрап, 0,11 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сәйкес, ұлттық валюта бағамы аздап нығайған.

Қазақстан Ұлттық банкі 19 ақпанға белгілеген ресми доллар бағамы – 489,3 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта:

  • Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 492,55 теңге, сату бағамы – 495,64 теңге.
  • Астана қаласында доллар орта есеппен 488,63 теңгеден сатып алынып, 495,63 теңгеден сатылып жатыр.
  • Шымкент қаласында долларды орташа есеппен 491,64 теңгеден сатып алып, 493,53 теңгеден сатуда.