Ақтөбеде прокурор ұсталды

Автор: Асыл Арман

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

Фото: Azattyq Rýhy

Ақтөбе қаласында прокурор ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

17 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің орталық аппараты Бас прокуратураның ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады.

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген Ақтөбе облысы прокуратурасының хабарламасында.

Қадағалау органында және ҰҚК-де ұсталу мән-жайы мен күдікке қатысты өзге ақпарат әзірге жария етілмеді.