Қазақстанда доллар күн санап арзандап келеді

Автор: Асыл Арман

Доллардың ресми бағамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489,3 теңгені құрап, 0,74 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 18 ақпанға арналған ресми бағамы – 489,99 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 490,49 теңге, сату – 492,7 теңге.

Астана қаласында долларды орта есеппен 488 теңгеден сатып алып, 495 теңгеден сатып жатыр.

Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 490,29 теңгеден сатып алып, 491,46 теңгеден сатуда.