Ішкі тергеу әлі жалғасып жатыр
Burger King Kazakhstan компаниясы аутизммен ауыратын Әлібек Қаратайға қатысты резонансты оқиғаға қатысты тағы бір ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Azattyq Rýhy
«Осы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу әлі жалғасып жатыр. Барлық фактіні әділ және жан-жақты қарастыру мақсатында біз ішкі жұмыс барысы мен ұжымның өзара әрекеттесу жайын қосымша талдап, қажетті шаралар жүргізіп жатырмыз. Burger King Kazakhstan қызметкерлерді жұмысқа алу және олардың жұмысы кезінде инклюзивті, тең мүмкіндіктер беру қағидаларын ұстанады. Әрбір адамға құрметпен қарау біздің корпоративті мәдениетіміздің ажырамас бөлігі», - делінген хабарламада.
Ішкі тексеруден кейін компания қатаң корпоративті стандарттар мен қадір-қасиетті құрметтеу қағидаларын ұстанатынын көрсетті. Осы стандарттарды бұзатын кез келген сөздер немесе әрекеттер брендтің ұстанымын көрсетпейді және іскер, этикалық қатынас талаптарына қайшы келеді.
«Қабылданған басқарушы шешімді ескере отырып, аумақтық менеджерлер Сергей мен Анастасия енді компания қызметкерлері емес. Burger King Kazakhstan кемсіту, құрметтемеу немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының қадір-қасиетіне, намысына тиетін кез келген сөз, әрекет түрін үзілді-кесілді түрде қабылдамайды, қарсылық білдіреді.Біз елімізді, жұмыс істейтін жерімізді, мәдениетімізді және халқымызды құрметтейміз. Әрбір қызметкерден лауазымына қарамастан соны күтеміз. Біз Жанат Қаратайға келесі қадамды жүйелі түрде талқылап, жағдайды шешу үшін хабарлама жолдадық», - деп хабарлады компания.
Желіде ерекше баланың анасы Жанат Қаратайдың жазбасы қоғамдық резонанс тудырған еді. Ол әділдік іздеп, көпшіліктен көмек сұраған