Субсидиялаудың заңдылығын сақтау мәселелері қаралды
Қостанай облысында субсидиялау арқылы ондаған миллион теңге жымқырылмақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тексеру жүргізді, оның нәтижелері бойынша негізсіз субсидиялау фактілері анықталды – балық питомниктеріне заңда көзделмеген шығыстар өтелді.
Прокуратура өзінің қадағалау актісімен облыс әкімдігін 66 млн теңге негізсіз субсидияларды өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге міндеттеді.
«2026 жылғы 28 қаңтарда Қостанай облыстық сотының сот алқасы талап-арыздарды қанағаттандырды, сот актісі заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.