Уәлиханов көшесіндегі бес қабатты үйдің 2-қабатында өрт тұтанып, 7 бала қауіпсіз жерге шығарылды
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 16 ақпанда қаладағы Уәлиханов көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйде болған. Өрт 2-қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқару қызметі оқиға орнына жедел жетіп, алдымен тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруді ұйымдастырған. Барлығы 35 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның басқа пәтерлерге таралуына жол берілмей, жағдай бақылауға алынған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
ТЖМ мамандары өрттің алғашқы белгілері байқалған сәтте уақыт оздырмай 101 нөміріне хабарласып, сабыр сақтаудың маңызын ескертеді.