Жоба жуық арада басталады, деп хабарлайды министрлік
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстанның бірқатар аймақтарында жүргізушісі жоқ таксилердің сынағын бастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қалалық мобильді және логистика бағытында бірқатар инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының аумағында пилоттық режимде жүргізушісі жоқ такси жобаларын іске қосу жоспарланып отыр», - деп хабарлаған министрлік.
Айта кетейік, министрлік бұған дейін Алатау қаласында әуе таксилері ұшатынын хабарлаған болатын.