Жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі зардап шекті
Қарағанды қаласында жол қиылыстарының бірінде екі жеңіл көлік пен маршруттық автобус соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы 15 ақпан күні сағат 16:20 шамасында Бұқар жырау даңғылы мен Кірпішті көшесінің қиылысында болған. Mitsubishi, Audi автокөліктері мен автобус соқтығысқан.
Қарағанды облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан Audi автокөлігінің 39 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Апат кезінде автобуста 20 адам болған, зардап шеккендер жоқ.
Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр