Ер адам атпен мал қайыруға шыққан
Жамбыл облысының құтқарушылары ауылдан ондаған шақырым жерде адасып кеткен бақташыны тапты. 1972 жылы туған ер адам атпен мал қайыруға шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бақташы шаруа қожалығынан мал іздеуге аттанып, сол кезде байланыс үзілген. Құтқарушылар бірнеше сағат бойы барлық аумақты шарлап, нәтижесінде малшыны Ақтөбе ауылынан 25 шақырым жердегі көршілес шаруа қожалығының аумағынан тапты.
«Ер адамға медициналық көмек қажет болмады, денсаулық жағдайы тұрақты», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқиғадан кейін ТЖМ азаматтарға алыс жайылымдарға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.
Жақындарыңызға қай бағытқа бара жатқаныңызды және қашан оралатыныңызды айтып кетіңіз.
Телефонның қуатын тексеріп, қосымша қуаттағыш (Power bank) алуды ұмытпаңыз.
Әсіресе қыс мезгілінде боран мен тұман кезінде жазық далада бағдардан жаңылу қаупі жоғары.