Синоптиктер тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ұсынды
14 ақпан күні Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) қалыптасады. Синоптиктер тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК дерегінше, сенбі күні ауаның ластануы елдің бірнеше ірі өнеркәсіптік орталықтары мен Астанада байқалуы мүмкін.
Синоптиктердің болжамы бойынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай келесі қалаларда күтіледі:
Бұл – жер бетіндегі ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оған әлсіз жел, тұман және инверсия себеп болады. Мұндай жағдайда қала үстін түтін басып, ауа сапасы күрт нашарлайды.
Ауаның ластануы адам денсаулығына, әсіресе тыныс алу жолдарына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
1. Өндіріс орындарына жақын жерде серуендеуді шектеңіз. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ жүруден бас тартқан жөн.
2. Спортпен жабық спорт кешенінде айналысқаныңыз дұрыс.
3. Өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиясы бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені абзал.