Павлодар облысында демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар серуендейтін өзен көлігінің жұмысы тоқтайды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 11 және 12 шілдеде карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиевтің жаңа қаулысы жарияланды. Осы құжатқа сәйкес, демалыс күндері 11 және 12 шілдеде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

«2020 жылдың 11-12 шілде демалыс күндері қоғамдық көліктердің (автобустар, трамвайлар және маршруттық таксилер) және серуендейтін өзен көлігінің жұмысы тоқтайды. Қаулы 11 маусымда сағат 00-де күшіне енеді», - делінген құжатта.