Алтай ауданының тұрғыны 20 жылдан кейін барып жеке куәлігін алды

Автор: Асыл Арман

Ол осы мәселе бойынша көші-қон қызметіне көмек сұрап жүгінген

Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне Алтай ауданының тұрғыны Аксенова Ольга Николаевнадан алғыс хат келіп түсті. Өз хатында ол көші-қон қызметінің мамандарына көрсеткен бейжайлылығы мен жоғары кәсібилігі үшін шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл оқиғаның кейіпкерлері – полиция майоры Уәлиева Миргүл Дүйсенбайқызы мен бас маман Аленова Әсел Назымбекқызы . Оларға 20 жылдан астам уақыт бойы ешқандай құжатсыз өмір сүріп келген қарт кісі көмек сұрап келген. Қарияның не меншікті баспанасы, не қолдау көрсететін жақын туыстары болмаған.

Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, көші-қон қызметінің мамандары өтінішке жедел үн қатты. Олар іс-қимыл тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қажетті құжаттарды жинауға көмектесті және оны қалпына келтіру процесін соңына дейін сүйемелдеді. Соның нәтижесінде, ондаған жылдар бойы құқықтық кеңістіктен тыс қалған ер адам ақыры Қазақстан Республикасы азаматының мәртебесін растай алды.

«Мұндағы ең маңыздысы – қарапайым адами қарым-қатынас. Осындай парасатты жандарды тәрбиелеген ата-анасына мың алғыс», – деп атап өтті Ольга Николаевна.