Білім басқармасының хабарламасы жарияланды
Астана қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2026 жылғы 10 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.