«Самұрық-Қазына» 2026 жылға арналған қайырымдылық қызметінің негізгі бағыттарын ұсынды

Автор: Azattyq Rýhy
Фото: Samruk-Kazyna Trust

2026 жыл «Samruk-Kazyna Trust» қорының құрылғанына 10 жыл толды. Қоғамдық кеңес отырысы барысында Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов биылғы жылы іске асыруы жоспарланып отырған негізгі жобалар туралы баяндады.

Атап айтқанда, Жаңаөзен қаласында және Доссор ауылында мұражай-кітапхана кешендерін ашу жоспарлануда. Сондай-ақ Атырау облысының Құлсары қаласы мен Қызылқоға ауданында, Абай облысының Семей қаласында, Ұлытау облысының Жәйрем кентінде, сондай-ақ Қарағанды облысының Доскей және Жарлы ауылдарында жаңа спорт кешендері пайдалануға беріледі. 

Бұдан бөлек, екі өңірде инклюзивті спорт орталықтарын ашу мәселесі қарастырылуда.

Айта кетейік, бұған дейін ашылған спорт кешендерінде қордың 10 жылдығына арналған балалар арасындағы спорттық турнирлер өткізіледі.
Сонымен қатар, инклюзияны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді: инклюзияны қолдау кабинеттері мен оңалту орталықтарын ашу жұмыстары жалғасады.