«Газдан уланған болуы мүмкін»: Ақтөбеде жер үйден әйел адам мен үш бүлдіршіннің мәйіті табылды

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 9 ақпан күні болды

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе қаласындағы жер үйлердің бірінен әйел адам мен үш бүлдіршіннің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өкінішке қарай, қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті ресми түрде растап, агенттік тілшісіне жағдайға қатысты пікір білдірді.

«2026 жылғы 9 ақпан күні шамамен сағат 12:00-де Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен 1993 жылы туған әйелдің және оның үш кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаның себебі табиғи газдан улану болуы мүмкін», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Түпкілікті қорытынды сараптамалардың нәтижелері бойынша жасалатын болады.

«Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады», – дейді ведомство.