Қазақстанда 126 адам қар құрсауында қалды: олардың арасында 10 бала бар

Автор: Асыл Арман

Оларға ТЖМ құтқарушылары көмекке жетті

Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өткен демалыс күндері қар құрсауынан 126 адамды құтқарды және эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауа райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты өткен екі тәулікте ТЖМ құтқарушылары  қар құрсауынан 126 адамды, оның ішінде 10 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 120 автомашинаны шығарды.

Ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді.

«ТЖД қызметкерлері өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізуде. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда», – делінген ТЖМ хабарламасында.