Осыған дейін ол Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған
Ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция полковнигі Самат Аисов ІІМ Тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған дейін ол Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Ішкі істер органдарында тәжірибесі мол әрі басқару бойынша еңбек өтілі бар.
Таныстыру барысында министр Ержан Саденов Тергеу департаментінің алдында тұрған басым міндеттерді атап өтті.
Самат Аисовқа сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, заң мен азаматтардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ тергеу жұмысының нәтижелері үшін басшылардың жеке жауапкершілігін қадағалауды міндеттеді.