Қазақстанның 11 облысындағы тасжолдар қауіпті: жүргізушілерге ескерту жасалды

Автор: Асыл Арман

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды

Фото: ЖИ арқылы жасалды/ChatGPT

Қазақстанның 11 облысындағы тасжолдар жүргізушілер үшін қауіпті болмақ. Ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде.

Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген хабарламада.