Қазақстанның екі облысында жол жабылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Аталған учаскелерде көлік қозғалысы дүйсенбі күні ашылады деп жоспарланып отыр

Фото: © istockphoto.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2026 жылғы 8 ақпанда сағат 15:00-ден бастап Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «КазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қай жолдар жабық?

Қозғалысқа шектеу жүк көліктері мен жеңіл автокөліктер үшін келесі бағыттар бойынша енгізілді:

Батыс Қазақстан облысында:

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» тас жолының 393-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).

Ақтөбе облысында:

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» тас жолының 526-702 шақырым аралығы (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).

Жол қашан ашылады?

Алдын ала болжам бойынша, аталған учаскелерде көлік қозғалысы 2026 жылғы 9 ақпан күні сағат 00:00-де қайта ашылады.