Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы нашарлайды
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы күрт нашарлайды деп күтілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын болады. Сонымен қатар келесі қауіпті табиғи құбылыстар болжануда:
Тек еліміздің шығысында ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
9 ақпанда бірнеше өңірде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары деңгейге жетеді. Екпінді жел күтілетін өңірлер:
1. Еліміздің батысы мен оңтүстігі;
2. Алматы облысының таулы аудандары;
3. Абай облысының оңтүстігі мен орталығы;
4. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы және орталығы;
5. Жетісу облысы (Алакөл көлдері маңы);
6. Түркістан облысы (тау асуларында).