Бүгін 7 спортшы сынға түседі
Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының екінші жарыс күнінде қазақстандық 7 спортшы сынға түседі. Ұлттық Олимпиада комитеті бүгінгі кестені жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін, 8 ақпанда, шаңғы жарысынан ерлер арасындағы скиатлон бәсекесі өтеді. Қазақстан уақытымен 17:00-де басталатын додада еліміздің намысын үш спортшы қорғайды:
Кешкі бағдарламада биатлоннан қызықты бәсеке күтіп тұр. Сағат 20:00-де аралас эстафета басталады. Бұл сында Қазақстан құрамасы сапынан мына спортшылар шығады:
Отандық жанкүйерлер Италиядағы Олимпиаданы тікелей эфирден төрт бірдей телеарнадан тамашалай алады:
1. Qazaqstan
2. Qazsport
3. Хабар
4. Jibek Joly
Еске сала кетейік, Айта кетейік, бұған дейін 6 ақпанда Қазақстан құрамасы ХХV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқан еді. Милан мен Кортина-д’Ампеццода өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы жарыс күнінде, 7 ақпанда, Қазақстан атынан бес спортшы сынға түсті.